Компания туралы
1917 жылы революция және азаматтық соғыс оқиғаларынан кейін темір жолдар қирау мен бейберекетсіздік шегінде болды.
1921 жылдың сәуірінде Жол қатынастары халықтың комиссариатын
Жол қатынастары күзетінің алғашқы бастығы болып
1925 жылы қыркүйекте темір жолдар күзеті бастықтарының съезі болды. Мамандарды іріктеу, жеке құрамды оқыту, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қаруландыру, тонаушылықпен күресу, құрылыстарды күзету, баукеспелікпен күресу сияқты маңызды мәселелер талқыланды.
Қызмет көрсетуді атқыштар күзеті — ерекше қаруланған отрядтар жүзеге асырды. Олар әскери бөлімшелер принципі бойынша құрылды.
Көп жағдайда олар теміржолшылардың әскерилендірілген ведомостволық күзетінің алғашқы үлгісі ретінде қызмет етті.
1930 жылдың желтоқсанынан бастап станциялардың перрондарында, вокзал ғимараттары мен билет кассаларында тәртіпті ұстап тұру ведомостволық күзетінің атқыштарына жүктелді.
Ұлы Отан соғысы басталысымен темір жол көлігінің жұмысы тек қана әскердің мұқтаждығы үшін үздіксіз жүк жеткізу болды. Барлық маңызды нысандар: көпірлер, тоннельдер, станциялар, өндіріс және материалдық-техникалық қоймалары, телеграф және телефон станциялары мен байланыс желілерін ЖІХК әскерлері өз бақылауына алды. Көптеген күзет атқыштары қолданыстағы әскерге жұмылдырылды немесе майданға өз еріктерімен кетті.
Жол қатынастарының атқыштар күзеті ЖІХК қарулы — вахтерлік және әскери — өрттік болып атала бастады. Күзет қызметінің бақылауында тұрған аумақта тәртіпті бекіту үшін көліктің барлық нысандарында ерекше рұқсатпен кіргізу режимі орнатылды.
Алғаш рет станция парктері мен жүру жолында жүктердің күзетілуін қамту міндеті жүктелді. Атқыштар рұқсатпен кіргізу режимін қамтамасыз етті, азаматтардың жүк поездарында заңсыз жүруімен күресті, қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылады.
1951 жылдан бастап әскерилендірілген күзет темір жолдың жалғыз қаруланған күзет құрылымы болды. Ол станциялар мен жүру жолындағы жүктерді; ерекше маңызды қолдан жасалған техникалық құрылғылар мен арнайы ғимараттарды; кассирлер тасымалдайтын қолма-қол, ақшаны күзетуді; темір жол станцияларындағы рұқсатпен кіру режимін сақтауды; жүк поездарында өз бетімен жүрумен күресуді және т.б. жүзеге асырды. 1956 жылы қысқа аялдаулар кезінде вагондарды тұрлыұтың алдын- алу мақсатында тәулік бойы бірлесіп патрульдеу үшін әскерилендірілген күзет пен милицияның арнайы топтары пайда болды.
2001 жылы «Қазақстан темір жолы»
Бүгінде Қазақстан Республикасынық «әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ — Қазақстан Республикасының темір жол инфрақұрылымына кіретін барлық нысандардың қорғалуын қамтамасыз ететін, жүктерді күзетіп алып жүру мен темір жол қызметі ең ірі күзет ұйымдарының бірі.
Қоғам темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөлге ие Қазақстан Республикасының негізгі күштері мен құқық қорғау құрылымдарымен өзара әрекеттестікте жұмыс атқарады.
Қоғам
Қазақстан Республикасы бойынша 14 құрылымның бөлімшесі — филиалы бар.
Бүгінде қоғамның біртұтас және көп ұлтты ұжымында тікелей күзет қызметін көрсететін он екі мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. күзеті саласындағы шетелдік серіктестермен
| Марапаттаулар, лицензиялар, куәліктер атауларының тізімі және олардың нөмірлері мен берілген күні | |
| Лицензиялар, марапаттаулар және куәліктер |