Біздің қызмет көрсетулер

Жолда келе жатқан жүкті алып жүру және күзету

Теміржол көлігімен тасымалдау кезінде, міндетті түрде алып жүруге жататын жүктер тізіміне кіретін жүктерді қорғау, тасымалдаушымен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша қамтамасыз етіледі.

Теміржол көлігімен тасымалдау кезінде, жүктерді алып жүру үздіксіз жүреді және екі тәсілмен жүзеге асырылады:

  • жолда келе жатқандағы жеке теміржол стансаларында ауысымдық күзетшілері бар, жүкті күзетуге белгіленген күзетшілер тобымен (жасағымен) алып жүру;

  • жолдан келе жатқандағы жіберу стансасынан жеткізу стансасына дейінгі (тура алып жүру) жүкті күзетуді жүзеге асыратын жасақтармен алып жүру.

Тасымалданатын жүктерді күзетуді ұйымдастыру тәртібі 2005 жылғы 31 наурызынан «Теміржол көлігімен тасымалдау кезінде, жүкті әскери күзетпен қамтамасыз ету Ережелерін бекіту туралы» № 291 Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысымен анықталды.

Жүктерді эстафетті (ауысымдық) алып жүру

Жүктерді эстафетті (ауысымдық) алып жүру Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жолда келе жатқан кезде, әскери күзет жасақтарының ауысымымен жүзеге асырылады.

Жүгі бар вагондарды қабылдау жүкті тасымалдау өкілінен күзет өкіліне тікелей жіберу стансасында жүзеге асырылады

Жүгі бар вагондарды алып жүру әскери күзет филиалдардың аймақтық бөлімшелердің орналасу стансаларындағы ауысымдық әскери күзет жасақтарымен барар стансаға дейін жүзеге асырылады.

Жүгі бар вагондарды күзеттен тапсыру барар стансада жүк тасымалдау өкіліне әскери күзет жасақтарымен жүзеге асырылады.

Жүгі бар вагондарды тура (тұрақты) алып жүру

Жүгі бар вагондарды тура (тұрақты) алып жүру сәйкес шарт негізінде бүкіл жол жүру бойымен бір әскери күзет жасағымен жүзеге асырылады.

Жүгі бар вагондарды күзетке қабылдау тікелей жүк тасымалдаушыдан жіберу стансасынан әскери күзет жасағымен жүзеге асырылады.

Жолда келе жатқан жүкті алып жүру бір әскери күзет жасағымен жүзеге асырылады. Бұл кезде жолсерік сапары жүзеге асырылады:

  • жүкті жіберушінің өтінімі бойынша тасымалдаушымен берілген, арнайы жабдықталған жылы вагонда;

  • меншік немесе жалға алу құқығында жүкті жіберушіге жататын, арнайы жабдықталған жылы вагонда;

  • алып жүретін жүкпен бірге вагонда (жазғы уақыт аралығында, аумақ болғанда).

Жүгі бар вагондарды күзеттен тапсыру барар стансада жүк тасымалдау өкіліне әскери күзет жасақтарымен жүзеге асырылады.

Жолсеріктердің жолы үшін жүкті жіберушілерден (жүкті алушылардан) тарифті нұсқаулықта бекітілген мөлшерде төлем алынады.

Жүктерді «есіктен есікке дейін» принцип бойынша алып жүру және күзету

«Есіктен есікке дейін» алып жүру — күрделі кешенді қызмет көрсету, ол өзіне қамтиды:

  • қабылдау-тапсыру актісі бойынша (жүк салмағына әсер ететін орын, тоннаж, басқа да параметрлерді есептеу бойынша) тікелей жүкті тиеу орнынан жүкті жіберушіден жүкті қабылдауды ұйымдастыру;

  • жолда келе жатқанда, станса паркілерінде алып жүру;

  • қабылдау-тапсыру актісі бойынша жеткізілетін жерде, жүкті алушы өкіліне жүкті тапсыру.

Жетіспеушілікті анықтаған жағдайда, Қоғам жоғалған жүк үшін толық материалдық жауапкершілікке жауапты.

Нысандарды күзету

Темір жол саласының нысандарын, соның ішінде көпірлер, тоннельдер, эстакадалар, жолөткелдерін, қолдан жасалған құрылғыларды күзету компаниялар, кәсіпорындар мен ұйымдармен жасалатын келісімшарттар бойынша қамтамасыз етіледі.

Күзетшілер нысандарды күзетуді патрульдеу мен олардың жай-күйін бақылау, сондай-ақ күзетілетін нысан аумағындағы жағдайды бақылау әдісімен жүзеге асырады қолдан жасалған құрылғылар, станция нысандары, аралықтар, зауыттар мен кәсіпорындардағы рұқсатпен кіру режимі «ӘТЖК» АҚ Әзірлеген және компаниялар, кәсіпорындар мен ұйымдармен келісілген құжаттарға сәйкес белгіленеді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес нысандарды, жеке және заңды тұлғаларды? мүліктерін заңсыз қол сұғушылықтардан сақтау мақсатында күзетшілердің қызметтік қару мен арнайы құралдарды қолдануға құқығы бар.

Арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолданудан бұрын оларды қарсы қолданылғаны тұрған адамға бұл туралы анық ескертіледі.

Нысандарды күзетуді күшейту, темір жол көлігіндегі ұрлық пен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын- алу мақсатында алдын алу іс-шаралары жүргізіледі.

Мұндай іс-шараларды жоспарлауды «ӘТЖК» АҚ филиалдары көліктегі ішкі істер органдарымен, «ӘТЖ» АҚ" АҚ жүк қызметі қызметкерлері мен темір жол көлігінің басқа қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырады.

Күзет пен қауіпсіздік аясындағы кеңес беру

«ӘТЖК» АҚ көрсететін қызметтер тізіміне жүктер мен нысандарды күзетуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер беруді ұйымдастыру кіреді.

Кеңестер нысанның алдын ала жобалық зерттеуін жүргізу мен тиімді күзетуді қамтамасыз етуге алдын ала шығындарды есептеуге мүмкіндік береді. Тиімділік төтенше жағдай салдарынан мүмкін нұқсанан болған шығын мен күзет қызметінің арасалмамен анықталады. Біз қызметтердің қажетті және жеткілікті-деңгейде көрсетілгендей, шығындарды ықшамдауға тырысамыз.

Қажетті бекет санын және күзет кестесін есептеу. Қызмет көрсетулер мен пайдаланылатын техникалық жабдықтаудың ең оңтайлы үйлесуін жиыстыру, тиімділікті жоғалмай, олардың бағасын төмендету — осы тапсырманы біз кеңестерді берген кезінде шешеміз.

Мұнай құятын жүктерді күзету

1998 жылдан бері осы күнге дейін «ӘТЖК» АҚ ҚР мұнай өнімдерімен қатамасыз ету кәсіпорындарына теміржол көлігі арқылы тасымалданатын мұнай құятын жүктерді күзетумен қатар, параметрлерді (тығыздығы, көлемі, температурасы, биіктігі) өлшеу бойынша оларды қабылдау мен тапсыру шараларын да жүзеге асырады.

Теміржол көлігі арқылы тасымалдау кезінде мұнай құятын жүктерді әскерилендіріліген күзету бойынша клиенттік базасы дәл бүгінгі күні 100 келісімнен асып отыр. Біздің клиенттеріміздің қатарында ендігідей ірі компаниялар бар: «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Петро Қазақстан» Сауда Үйі» ЖШС, «Refinery Compani RT» ЖШС, «Әулиет ата Халықаралық ӘУЕЖАЙЫ» АҚ, «ГАЗПРОМ Нефть АЗИЯ» ААҚ, «Нефтепродукт LTD» ЖШС, «Sinoil» ЖШС, «Петрочайна Интернэшнл Қазақстан» ЖШС және т.б.

Келісімдік міндеттемелерді атқаруға қатысатын барлық жұмыскерлер ГОСТқа сәйкес ҚР мұнаймен қамтамасыз ету саласындағы параметрлер өлшемдерін жүргізу ережелерінің арнайы курстарынан өткен. Мұнай өнімдерін күзетке қабылдау белгіленген станциялар басында параметрлер өлшемдері бойынша жүк алушыларына кейінгі тапсырумен тікелей Текесу ст. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, Павлодар ст. «Павлодар мұнай өндіру зауыты» АҚ, Ақжайық ст. «Атырау мұнай өндіру зауыты» ЖШС және ҚР бар территориясындағы станцияларда орналасқан мұнай базаларының құю эстакадаларында жүзеге асырылады.