Кәсіподақ комитеттерінің төрағаларына (төрайымдарына) арналған оқу семинарының өткізілгені туралы ақпарат

22.12.2016

2016 жылдың 07 желтоқсаны күні «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамаларының негіздері, келіссөздер жүргізу машығын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа жету» тақырыбында оқу семинары өтті. Семинарға  «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қатысты.

Семинарды кәсіподақтың «ӘТЖК» филиалының төрағасы Талғат Боранбайұлы Ескенов және Автомобиль көлігі бойынша орталық кәсіподақ кеңесінің өкілі Бағдат Ильясұлы Байжанов семинар қатысушыларының жұмыстарына жеміс тілей отырып ашты.

Семинардың бағдарламасында тақырыптық екі ұғым болды.Семинардың бірінші тарауы жеке және ұжымдық келісімшарттың дауларын қарау, келісу және достастыру комиссияларының жұмыстары, кәсіподақтардың  әлеуметтік серіктестігі және негізгі рөлдері мәселелеріне арналды. ҚР кәсіподақтар федерациясы оқыту, зерттеу және дауларды реттеу орталығы директорының міндетін атқарушы, экономика ғылымдарының докторы Мейрам Зекешұлы Қажыкен дәріс оқыды.

Семинардың екінші тарауы өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне арналды. «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль әуе және су көліктері қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ техника жөніндегі бас инспекторы Қайрат Қазизұлы Мұқанов ҚР Еңбек кодексінің негізгі баптарына тоқталды.

Семинардың соңында қатысушылар осыған ұқсас іс-шаралардың өткізілуінің өзектілігі мен тиімділігін атап өтті.

IMG_2802.JPG

IMG_2804.JPG

Жаңалықтар мұрағаты