«Шаңғы – 2017» сауықтыру-бұқаралық шаңғы тебу

06.03.2017

Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт лидері Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының «Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады» деп басып айтылған «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» негізгі басымдықтардың бірін  жүзеге асыру мақсатында қызметкерлердің денсаулықтары мен дене дайындықтарын жақсарту үшін Қоғам қызметкерлерінің өз және қоршаған орта денсаулығы туралы қамқорлық қағидаттарына бағытталған өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерден бас тарту, әлеуметтік түрлі әрекеттердің алдын алу мақсаттарында Қоғам президенті М.А. Тұрарбеков «ӘТЖК» АҚ қызметкерлерінің саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.  

Жоспар бойынша Астана қаласының қалалық мәдениет және демалыс саябағының шаңғы-роллерлік трассасында 2017 жылдың 03 наурызы күні өткізілген «Шаңғы – 2017» сауықтыру-бұқаралық шаңғы тебу іс-шарасына  Қоғамның орталық аппараты мен Астана қаласындағы филиалының қызметкерлері қатысты.

Қоғамның орталық аппараты кәсіподақ комитетінің қолдауымен шаңғы теуіп келген қызметкерлерге ыстық шай ішу үшін дастархан ұйымдастырылды.

Белсенді демалыс пен спорт ағзаның тыныс алу, иммундық, жүрек-қан тамыр, ас қорыту, гормондық жүйелеріне оң әсерін тигізе отырып, адам денсаулығын нығайтатыны баршаға аян.

Белсенді демалыстың көне әрі атақты түрі шаңғы тебу, оның пайдасы бұрын дәлелденген. Біріншіден, таза ауа өкпеге жағымды әсер етеді. Екіншіден, бұл түрлі бұлшықеттердің ырғақты қозғалысы. Ал үшіншіден, шаңғы тебу деген табиғатпен тығыз байланысты, ағаш бұтақтарындағы қарға, қысқы қарға шағылысқан күнге қарап адам жаны демалады. Бұл да өте маңызды. Адамның ойы тыныштыққа бөленеді, қала көшелеріндегі шу ұмытылады және мұндай ғажайып қуанышты сезімдерді ешбір дәрі бере алмайды.

Шаңғы тебудің тағы бір маңызды сыры – ол дене мүсініне оң әсерін тигізеді. Спорттың бұл түрінің пайдасы айтарлықтай көрінеді, себебі бұл тек жаттығу ғана емес, сонымен қатар демалыс, денсаулық, сұлулық және сән.

 Баршаңызға мықты денсаулық тілейміз! 

  Кәсіби және дене шынықтыру жөніндегі топ.
ВЖДО лыжи 6.jpgВЖДО лыжи 3.jpg
ВЖДО лыжи 9.jpgВЖДО лыжи 10.jpg
ВЖДО лыжи 7.jpgВЖДО лыжи 8.jpg
ВЖДО лыжи 4.jpgВЖДО лыжи 5.jpg
ВЖДО лыжи 1.jpgВЖДО лыжи 2.jpg

Жаңалықтар мұрағаты