«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының 2016 жылғы және 2017 жылдың 1-тоқсанындағы жұмысын қорытындылау

20.04.2017

2017 жылдың 17 сәуірі күні «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының президенті М.А. Тұрарбековтің төрағалық етуімен Қоғам филиалдары директорларының қатысуымен шұғыл кеңес өтті.

         Кеңесте:

         1. Өндіріс жөніндегі вице-президент М.Б. Қоқаев: «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының әскерилендірілген күзетті ұйымдастыру бойынша 2016 жылғы және 2017 жылдың 1-тоқсанындағы жұмыстарының қорытындысы»;

         2. Экономика және қаржы жөніндегі вице-президент Ж.Т. Нұрсейітов: «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының қаржы-шаруашылығы бойынша 2016 жылғы және 2017 жылдың
1-тоқсанындағы жұмыстарының қорытындысы»;

         3. Вице-президент Б.Қ. Қабдолдин: «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының персоналмен жұмыс және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша 2016 жылғы және 2017 жылдың
1-тоқсанындағы жұмыстарының қорытындысы» тақырыптарында баяндамалар оқыды.

         «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-тың «Атырау теміржол күзеті» филиалының директоры Қ.Қ. Жұмағалиевтің, Алматы қаласындағы филиалының директоры М.Ж. Шпекбаевтың, Шымкент қаласындағы филиалының директоры Б.Ә. Түзелбаевтың, Тараз қаласындағы филиалының директоры Б.А. Төлепбергеновтің 2016 жылғы және 2017 жылдың
1-тоқсанындағы қызметтерінің қорытындылары бойынша жасаған есептері тыңдалды.

 «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ президенті М.А. Тұрарбеков 2016 жылғы және 2017 жылдың 1-тоқсанындағы жұмыстарды қорытындылай келе Қоғам қызметтерінің кейбір бағыттары бойынша кемшіліктерді және «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ болашақтағы дамуы мен алдағы уақытқа қойылған міндеттерін атап өтті және Қоғамның басшылығына, филиалдардың директорларына «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-тың  2016 жылғы және 2017 жылдың 1-тоқсанындағы жұмысының қорытындысы бойынша өткен шұғыл кеңестің хаттамалық шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

ВЖДО Встреча 2.jpgВЖДО Встреча 4.jpg 
ВЖДО Встреча 1.jpgВЖДО Встреча 3.jpgВЖДО Встреча 5.jpg

Жаңалықтар мұрағаты