Спартакиада қорытындысы бойынша

21.12.2016

Әскерилендірілген күзеттің  құрылғанына 95 жыл және «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-тың құрылғанына 15 жыл толуына орай 2016 жылдың 08 қарашасы мен 09 желтоқсаны аралығында орталық аппарат пен «ӘТЖК» АҚ Астана қаласындағы филиалы құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында Спартакиада ұйымдастырылды.

Спартакиадада спорттың: мини-футбол, үстел теннисі, оқ ату, боулинг, бильярд, өрмелеу және арқан тартыс сияқты түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Жарыстың әрбір түрінде табанды және ымырасыз тартыс жүріп жатты. Жарыстың соңғы түрі арқан тартыстан кейін жалпы командалық біріншіліктің жеңімпаздары анықталды.

Спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық бірінші орынды «ӘТЖК» АҚ Астана қаласындағы филиалының командасы алды. Жалпы командалық екінші орынды «ӘТЖК» АҚ орталық аппаратының құрамына: бухгалтерлік, салық есебі және қаржы департаменті, әскерилендірілген күзетті ұйымдастыру департаменті, күзет қызметінің көлемін мониторингілеу және кірісті есептеу тобының бас менеджері, еңбек және еңбекақы жөніндегі функционалдық бағыты, ақпараттық технологияларды дамыту бөлімі, мұрағатты жүргізу жөніндегі бас менеджері, құқықтық мәселелер жөніндегі бас менеджері кіретін командасы алды. Жалпы командалық үшінші орынды «ӘТЖК» АҚ орталық аппаратының құрамына: кәсіби және дене шынықтыру жөніндегі тобы, президент көмекшісі, стратегиялық даму жөніндегі басқарушы, тарифтер мен инвестициялар жөніндегі бас менеджері, ерекше тапсырмалар жөніндегі басқарушы, тауарлармен, жұмыс және қызмет түрлерімен қамтамасыз ету бөлімі, құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімі, персоналды басқару департаменті, құқықтық қамтамасыз ету және сатып алуды ұйымдастыру департаменті кіретін командасы алды. Төртінші орынды «ӘТЖК» АҚ Астана қаласындағы филиалының «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметтік ғимараттарын күзететін атқыштар командасының құрама командасы алды.

Спартакиаданы жыл сайын өткізу, осындай ауқымды, кешенді, спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру бұқаралық спортты дамытуға, саламатты өмір салтын күшейту мен қалыптастыруға үлкен серпін береді.

Бұдан басқа «ӘТЖК» АҚ барлық филиалында әскерилендірілген күзеттің  құрылғанына 95 жыл және «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-тың құрылғанына 15 жыл толуына орай  спорттық іс-шаралар өткізілді.


IMG_2400.JPG

IMG_2991.JPG

IMG_8422.JPG

IMG_8520.JPG

Жаңалықтар мұрағаты