"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ Спартакиадасының қорытындысы бойынша

22.12.2016

Ақпарат 

2016 жылдың 12 қарашасы мен 03 желтоқсаны аралығында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Астана қаласында орналасқан еншілес ұйымдары мен филиалдарының қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «ҚТЖ» ҰК» АҚ спартакиадасы ұйымдастырылды.

Жарысқа жалпы 21 команда, оның ішінде «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) командасы қатысты.

Спартакиадада спорттың: волейбол, үстел теннисі, шахмат, баскетбол және мини-футбол сияқты түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Қоғамның құрама командасы спартакида қорытындысы бойынша жалпы командалық 2-орынды иеленді және «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдары мен басқа да филиалдарының қызметкерлері сондай-ақ Қазақстан Республикасы Күзет ұйымдары қауымдастығының мүшелері-күзет құрылымдары арасында спорт бойынша  6 жыл бойы үздіктердің қатарында келеді.

Осындай спорттық-бұқаралық ауқымды іс-шараларға қатысу бұқаралық спортты дамытуға, саламатты өмір салтын күшейту мен қалыптастыруға, сондай-ақ командалық рухты және ұжым ішінде бірлікті күшейтуге үлкен серпін береді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жаңалықтар мұрағаты