"ӘТЖК" АҚ президентінің құттықтауы!

06.12.2016

Құрметті әріптестер және
әскерилендірілген теміржол күзетінің ардагерлері!
 

Сіздерді әскерилендірілген күзеттің құрылғанына 95 жыл және «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының құрылғанына 15 жыл толуымен «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының басшылығының атынан және өз атымнан шын жүректен құттықтаймын!

Қоғамның мыңдаған адам жұмыс істейтін ұжымы әскерилендірілген теміржол күзеті құрылған күннен бастап теміржол көлігіндегі әскерилендірілген күзеттің дамуына ғана емес, еліміздің нығаюына, тәуелсіз Қазақстан экономикасының қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты. Тасымалданатын жүктердің сақталуын және теміржол көлігінің күзетілетін обьектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қоғам ұжымының маңызды стратегиялық міндеті болып табылады.

95 жыл – бұл әскерилендірілген теміржол күзеті қызметкерлері әулеттерінің даңқты және айбынды дәстүрі, кәсіби ісі, адалдығы, тынымсыз еңбегінің тұтас бір кезеңі. Ардагерлерімізге олардың адалдығы мен қажырлы еңбектері үшін бас иеміз. 

         Бүгінде әскерилендірілген теміржол күзеті инфрақұрылымы дамыған, күзет қызметінің толыққанды спектрін ұсынатын және алдына көрсетілетін күзет қызметінің сапасын арттыру, клиент жинау, серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықта болу бойынша мақсаттар мен міндеттерді қоя отырып, одан әрі бірқалыпты дамып келе жатқан қоғам.

Алдымызға қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін Бізге жауапкершілікті күшейту, еңбек өнімділігін арттыру және Қоғамның құндылықтарын сақтау қажет.

Осы айтулы күндер Бізге ертеңгі күнге деген сенімділікті сыйласын.

Қоғамның ұжымына және әскерилендірілген теміржол күзетінің ардагерлеріне зор денсаулық, мол бақыт, отбасылық береке және барлық бастамаларға сәттілік тілеймін!

Ізгі ниетпен, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ президенті

 Мереке Аманжолұлы Тұрарбеков!

Жаңалықтар мұрағаты