«Жылдам, биік, күшті!»

08.12.2017

 

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ қызметкерлерін дене шынықтыру мен спорттың жүйелі сабақтарына жұмылдыру, саламатты өмір салтын бекіту және корпоративішілік жарыс рухына ынталандыру мақсаттарында 2017 жылдың 03 қарашасы мен 08 желтоқсаны аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне және «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-тың (бұдан әрі – «ӘТЖК» АҚ) құрылғанына 16 жыл толуына орай Спартакиада өткізілді.

         Спартакиада спорттың 9 түрі: волейбол, үстел теннисі, шахмат, Баскетбол, мини-футбол, атыс, боулинг, шыңға өрмелеу және бильярд бойынша өткізілді.

Жарыстар спорттың әртүрінен өткізілгеніне қарамастан, «бір деммен» өтті, әр қатысушы өзінің күші мен дағдысын өз командасына жұмсады.

Жарыстарға төрт құрама команда: «ӘТЖК» АҚ орталық аппаратынан екі команда, филиал аппаратының командасы және тексеріп қарау бөлімшелерінің командасы, барлығы 80 адамнан астам қызметкер қатысты.

         Жарыстардың қорытындылары бойынша орындар келесі жағдайда бөлінді:

         4-орын – тексеріп қарау бөлімшелерінің құрама командасы;

         3-орын – орталық аппараттың № 1 құрама командасы, құрамында: әскерилендірілген күзетті ұйымдастыру департаменті, күзет қызметінің көлемін мониторингілеу және кірісті есептеу тобы, дексеріп қарауды ұйымдастыру жөніндегі топ, құқықтық қамтамасыз ету департаменті және басқа;

2-орын – орталық аппараттың № 2 құрама командасы, құрамында: тауарлармен, жұмыс және қызмет түрлерімен қамтамасыз ету департаменті, бухгалтерлік және салық есебі департаменті, экономика және қаржы департаменті және басқа;

1-орын – «ӘТЖК» АҚ Астана қаласындағы филиалының құрама командасы, құрамында: филиалдың аппараты, «ҚТЖ» ҰК» АҚ әкімшілік ғимараттарын күзететін және Астана станциясындағы атқыштар командалары.

Ағымдағы жылдың 08 желтоқсаны күні Басқарма төрағасының персонал жөніндегі орынбасары Б.Қ. Қабдолдиннің қатысуымен командалардың өкілдеріне дипломдар мен кубоктар және жеке біріншілікте жүлделі орындарға ие болған қызметкерлерге грамоталар, медалдар және бағалы сыйлықтар  салтанатты түрде табысьалды.

Жыл сайын спорттық іс-шараларды өткізуге және бағалы сыйлықтарды, медалдарды және кубоктарды сатып алуға «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көліктері қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «Әскерилендірілген темір жол күзеті» филиалы көмек көрсететінін атап өткен жөн деп білеміз.

 

Жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын құттықпаймыз!


IMG_0834.JPG

IMG_0120.JPG

IMG_9843.JPG

IMG_0750.JPG

IMG_0967.JPG

IMG_0869.JPG

Жаңалықтар мұрағаты