«ӘТЖК» АҚ күзетші емделуінің шығынын төледі

28 Октября 2010

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «ӘТЖК» АҚ жұмыскерлердің әлеуметтік сұрақтарын қарастыру комиссиясы Шымкент қ. Қоғам филиалының Арыс стансасындағы атқыштар командасының күзетшісі Жамалбек Дарбышевтың шығындарын төлеу туралы шешімін қабылдаған болатын.

Комиссия шешімі мен әлеуметтік саясатты жүзеге асыру аясында Қоғам 371 400 теңгеге теңелетін аяқ протезін ауыстыру мен стационарлық емделумен байланысты күзетшінің шығындарын төлеу жолында қолұшын созды.

Әлеуметтік саясат Қоғам қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Ол Қоғамның ішкі құжаттары мен Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

Тізімге оралу