Корпоративті басқару

Қоғам корпоративтік қатынастарды дамытады, басқару кезіндегі айқындылықты қамтамасыз етеді және корпоративті басқарудың тиісті стандарттарға сүйенеді.

Корпоративтік басқаруды жетілдіру мақсатында, 2008 жылдың 02 қазанынан № 772-Ц Жалғыз акционердің бұйрығымен («Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ) корпоративті басқару Кодексі бекітілген.

Корпоративтік басқару Кодексіне сүйене отырып, Қоғамды корпоративті басқару әділеттілік, адалдылық, жауапкершілік, айқындылық, кәсіпақойлық пен біліктілік негіздірінде құралады. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы Қоғам қызметіне қызығушылық танытып отырған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеу және Қоғамның табысты қызметіне, соның ішінде оның құндылықтың көтерілуі, қаржы тұрақтылығы мен табыстылығына ықпал етеді.

Корпоративті басқарудың негіз бола алатын принциптері бұл:

  • Жалғыс акционердің құқықтары мен мүдделеін қорғау принципі;

  • Қоғамды директорлар Кеңесімен және Қоғам президентімен тиімді басқару принципі;

  • Қоғамның өзіндік қызметінің принципі;

  • Қоғам қызметі туралы, ақпаратты ашудың айқындылық мен объективтілік принципі;

  • Заңдылық пен этика принциптер;

  • Тиімді дивидендті саясат принципі;

  • Тиімді кадр саясаты принципі;

  • Қоршаған ортаны қорғау принципі;

  • Корпоративті қақтығыстарды және мүдделер қақтығысын реттеу саясаты;

  • Жауапкершілік принципі.

Корпоративті басқару принциптері бұл — Қоғамды корпоративті басқару жүйесін құру, жұмыс істеуі және жетілдіруге қажетті корпоративті басқару Кодексінің келесі тарауларындағы ұсыныстарға негіз болып табылады.