Әлеуметтік саясат

«Әскери теміржол күзеті» Акционерлік Қоғамы (әрі қарай — Қоғам) кадрлар әлеуетін сақтау, нығайтуға жұмыскерлердің әлеуметтік қамтамасыздануы арқылы жағдайлар туғызады.

Қоғамның негізгі контингенті бұл — өндірістік қызмет құрамы — күзетшілер. Қолайсыз табиғаттық-климаттық жағдайларда жүктер мен нысандарды күзету күрделі жұмысы — әскери теміржол күзеті жұмысының негізгі ерекшелігі болғандықтан, Қоғам күшейтілген бақылау жүргізеді:

  • Қоғамның өндірістік қызметкерлер құрамын арнайы киімдермен қамтамасыз ету бойынша (қысқы және жазғы киім түрлері);

  • атқыштар тобы қызметкерлерінің демалысы, тамақ ішудің қажетті жағдайларын жасау, демалыс бөлмесі мен басқа бөлмелерді қажетті тұрмыстық жабдықтаумен құралдандыру бойынша (шкафтар, тоңазытқыштар, микротолқынды пештер, электр плиталары);

  • күзетшілердің ауысым алды және жыл сайынғы мезгілді медициналық қаралуын қамтамасыз етілуі бойынша.

Одан басқа, экологиялық апат аудандарында тұратыны, сонымен қатар кластылық пен зиянда еңбек ету жағдайлары үшін қосымша төлем қолданылады.

Қоғам қызметкерлеріне ұсынылатын әлеуметтік жеңілдіктер пакеті Қоғам мен оның еңбек ұжымы арасында Ұжымдық шартта бекітілген. Сонымен қоса, қызметкерлерге материалды көмек көрсетуге ішкі нормативтік құжаттар тізімі бар.

Сапалы жұмыс сапалы қызметкерлер құрамына тәуелді. Сондықтан, Қоғам үшін басым бағыт болып жас мамандарды қолдау және дамыту болып табылады.

Осыған байланысты, тәжірибе және тәрбиені беру, уақыт пен ресурстарды оңтайлы қамтылуының бірыңғай жүйесі мақсатында, Қоғамдағы тәлімгерлікті жүзеге асыру Ережелері құрылған.

Қоғам қызметкерлер мен зейнеткерлер алдынды әлеуметтік жауапкершілікке жүктеледі.

Қоғамда 544 жұмыс істемейтін зейнеткерлер есепте тұр. Қоғам зейнеткерлеріне материалдық көмек көрсету Ережелеріне сүйене отырып, оларға жыл сайын материалдық көмек көрсетіледі:

  • ауырған жағдайда;

  • қайтыс болған жағдайда;

  • мерейтой күндерінің келуімен байланысты: әйелдерге — 60, 70 және 80 жыл, ерлерге — 70 және 80 жыл.

«Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған зейнеткерге тура бағыт бойынша Қазақстан Республикасы темір жодары бойымен купелі вагонында бір жолғы билет бойынша төлемді жылына бір рет төленеді

Чернобыль апатын жоюда қатысқандарға және әскерлерді Ауғаныстаннан шығару күніне әскер-интернационалдарға көмек көрсетіледі.

Ардагерлерді шақырумен мерекелік шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, ақшалай қаражаттар бөлінеді (Жаңа Жыл, Халықаралық әйелдер күні, «Наурыз мейрамы», Бірлік күні және т.б.).

Үлкен назар Қоғам қызметкерлеріне бөлінеді. Қоғам, әр жазғы маусымда, Қоғам қызметкерлерінің балалары оқудан тыс уақытты көңілді және қызықты өткізуге, емделу курсын өтуіне, жазғы балаларды емдеу орталықтарына жазғы емдеу лагеріне жолдамаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Қоғам, қызметкерлер әр баласына сыйлық берілетін, жаңа жыл таңертеңгіліктерін өткізеді, сонымен қатар Аяз Ата алдында тақпақтар мен өлеңдерді шығып айтатындарға сияпат жүлделерін ұйымдастырады.

Мүгедек балаларға ерекше көңіл бөлінеді, мүгедек балалары бар ата-ана болып табылатын Қоғам қызметкерлеріне материалды көмек көрсету Ережелеріне сәйкес, 10 есе айлық есептік көрсеткіш көлемінде жылына бір рет материалдық көмек көрсетіледі.

Қоғам қызметкерлерінің кәсіби өсіміне үлкен көңіл бөлінеді. Қоғам қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оқыту Ережелеріне және оқыту жоспарына сәйкес, оқыту, білктілікті арттыру және қайта даярлау Қоғам қаражаттары арқасында жүргізіледі.